Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуі

Әліпби ұлттық болмысымыздың көрінісі болуға тиіс. Осы ретте кириллицадан түбегейлі алшақтап, рухани азаттық алатын уақыт жетті. Себебі, латын қарпі кешегі Алаш көсемдерінің, жазу емлесін құрастырған Ахмет Байтұрсыновтың бастамасы. Түркі халықтарынан тамыр тартқан қазақ әліпбиі де түбі бір ұлттармен түптес болуға тиіс. Алаш көсемдерінің жарқын бастамасын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та қолдайды. «Мен еліміз мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім» - дей келе Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялаған болатын. Мақалада «Таяу жылдардағы міндеттер» деген бөлімінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығы айтылады. Мемлекет басшысының бұл пайымды пікірін, елдік мұрат пен елдік мүдде жолындағы бастамасын халық қолдады. Қазақ тілін латын қарпінде жазуға бірнеше нұсқалар да жасалды.

Жаңа әліпби – рухани жаңғыруға, сананы тазарып, ұлттық рухтың аспандауына жасалған даңғыл жол. Сол себепті де мақұлға емес, ақылға салып ойланатын мәселе көптің талқысында. 20-шы ақпанда Елбасы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26-шы қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс еңгізді. Тарихи оқиға ендігі тарихта жарқын із қалдырары анық. Жаңа әліпби тың өзгеріске бастамайды, керісінше, қазақтың ұлттық сарынын, дыбыс әуезділігін қаз қалпында, еш қоспасыз, бұрмалаусыз қалдырады. Мұнда өзге елден енген кірме дыбыстар жоқ. Таңбаланбайды да. Жаңа нұсқаның шығуы алфавиттердің айтысы емес, ол құңдылығымыздың қазаққа әліпбиі апострофтарсыз құралған.

Өзгерістен безінудің қажеті жоқ, керісінше бейімделу қажет. Ұлттық сананың бұғаудан босатылар күні туды. Өркениеттің өріне құлаш сермеген егеменді елдің ертеңі қазақы нақыштағы қаріпте. Себебі, тарих әдебиеттерде жазылады. Ал, бұл өз кезегімен әлемдік өркениетке де жол ашады.  

Ж.Айтмаханова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының басшысы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі. 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы