Мемлекеттік тілді дамыту

Тіл – мемлекеттің тарихы, бүгіні, ертеңі. Ұлттың мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты.  

Мемлекеттік тіл - тәуелсіз елдің негізігі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатын секілді, мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де - мемлекеттің негізгі атрибуттарының бірі.

Еліміз еңсесін көтергелі ғылым, экономика, заң, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, өзге де барлық саласы қарқынды дамуда. Көшпен ілесе келе жатқан ана тіліміздің де қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңда өзекті жолға қойылған.

Тіл халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі - ұлттың мәселесі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені дамыған өркениетті елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Осы бағытта қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдарда іс жүргізу мемлекеттік тілде қалыптасуына үлкен мән берілуде. Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республи­ка­­сын­дағы тіл туралы» Заңы мен Президент Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бар. Осы заң актілері әрбір Қазақстан азаматы үшін бұлжытпай орындалуға тиісті құжат болып табылады.

Баянауыл аудандық Әділет басқармасы тарапынан мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын арттыруға үнемі зор көңіл бөлінуде. Бұны ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту бойынша 2019 жылға арналған  бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Ендігі мақсат осы бірлесіп бекіткен іс-шаралар жоспарын мүлтіксіз орындап және де әр бір мемлекеттік мекемеде мемлекеттік тілге қатысты заң нормаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сауатты­лығы мен сапасын арттыру, әрбір іс-қағаздарын орындап отырған тілін сүйіп, еліне жаны ашитын мемлекеттік қызметкердің ұлттық парызы. Ана тілімізді құрметтеп, аяқ астына таптамайық, ағайын! Бұл біздің болашағымыз!

М.Катарова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының бас маманы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы