«Мемлекеттік рәміздер»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік  Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» N 873 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі (тігіледі, орналастырылады):

Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттің хаттамалық практикасына сәйкес көлік құралдарында - ұдайы;
         Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде - ұдайы;

        Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырысы залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда - ұдайы;

        Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын бір және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері ескеріледі және мынадай өлшемдер пайдаланылады:
       - 1, 2, 3, 4, 5 қабатты (20 метрге дейін) ғимараттарда Мемлекеттік Ту (1 х 2 метр өлшеммен) ғимараттың төбесінде немесе фронтонында немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада орналастырылады;

       -  6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ғимараттың төбесінде немесе фронтонында (1,5 х 3 метрден 2x4 метрге дейін өлшеммен) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (1x2 метр өлшеммен) орналастырылады;

        - 9 қабаттан жоғары (30 метрден жоғары) ғимараттарда Мемлекеттік Ту ғимараттың төбесінде немесе фронтонында (2x4 метр және одан жоғары өлшеммен) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (1 х 2 метр өлшеммен) орналастырылады.

       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бір және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері ескеріледі және мынадай өлшемдер пайдаланылады:

       - бір қабатты ғимаратта Мемлекеттік Елтаңба (диаметрі 500 миллиметр) ғимараттың жабу деңгейінде немесе фронтонында немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада орналастырылады;

      - 2, 3, 4, 5 қабатты (20 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 1-ден 1,5 метрге дейін) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орналастырылады;

      - 6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 2 метр) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орналастырылады;
      - 9 қабаттан жоғары (30 метрден жоғары) ғимараттарда Мемлекеттік Елтаңба соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 3 метр және одан жоғары) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (500 миллиметр диаметрмен) орналастырылады.

Ғимараттарға тұрақты тігілген (орналастырылған) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына, Мемлекеттік Елтаңбасына тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруға тиіс.

 

 

Ж.С.Айтмаханова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының басшысы

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы