«Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жоспарының 27 қадамы

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.

Өткен жылдың сәуір айында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауа­зымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынатынын айтқан болатын. Сол жылдың мамыр айында Елбасының бұл жоспары халықтың назарына Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» деген тақырыппен ұсынылды.

Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Біртектілік пен бірлік», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған.

5 институттық реформанының  екінші реформасы «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» болып табылады, бұл реформаның мәні тәуелсіз сот төрелігі мен  Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталуы тиістігінде деп  Елбасы 2016 жылдың 6 қаңтарында «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Ұлт Жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында атап көрсетті.

Осы екінші реформаның 27-қадамында -  жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту. Сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту деп айтылған. Бұл дегеніміз мемлекеттік сот орындаушыларын кезең-кезеңмен қысқарту арқылы жеке сот орындаушыларының институтын одан әрі дамыту болып табылады.

Ж.Айтмаханова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының басшысы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы