Хабарландыру

Баянауыл аудандық әділет басқармасы келесіні хабарлайды:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен 2019 жылдың 6 мен 17 мамыр аралығында «Контрафакт» республикалық акцияның өткізілуі жоспарланған. Аталмыш акцияның шеңберінде ағымдағы жылдың 10 сәуір мен 3 мамыр аралығында келесі республикалық конкурстар өткізіледі:

- «Қазақстанда контрафактіге орын жоқ» тақырыбында үздік қысқа бейне ролик (vine)

- «2050 жылғы зияткерлік меншік және мемлекет модель» тақырыбында ең үздік эссе

Конкурстың Ережелерімен төмендегі сілтеме арқылы өтіп, немесе Баянауыл аудандық әділет басқармасында танысуыңызға болады, мекенжайы: Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 49, тел. 9-17-15.

Баянауыл аудандық әділет басқармасы

«БЕКІТЕМІН»

_____________Н.Пан

Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі

2019 ж. «____» _________

«Қазақстанда контрафактіге орын жоқ»

үздік қысқа бейне ролик (vine) конкурсы туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже азаматтар арасында өткізілетін үздік бейне ролик (vine) сайысының шартын және тәртібін анықтайды.

1.2. Конкурс 2019 жылғы 10 сәуір мен 3 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және құқықтарды ұжымдық басқару саласында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қолдауымен өткізіледі.

2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Конкурс коғамның контрафактілік өнімге төзбеушілігін қалыптастыру және зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында азаматтардың білімін арттыру мақсатында өткізіледі.

2.2. Мақсаттар:

- контрафактілі тарауына қарсы күресті дәріптеу және насихаттау;

- контрафактіге жағымсыз көзқарасты қалыптастыру;

- қоғамның зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы құқық түсіндіру жұмысына қатысуы;

- ішкі нарықта контрафактілік өнімнің таралу мәселесі жайлы қоғамның хабардар болу деңгейін жоғарлату.

3. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Қазақстан Респбуликасының азаматтары - жеке тұлғалар конкурс қатысушылары болып табылады.

3.2. Конкурсқа қатысушылардың жас санаты 18 жас, әрі одан жоғары.

4. Конкурсты өткізу шарттары:

4.1. Конкурс Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің атынан
2019 жылғы 10 сәуір мен 3 мамыр аралығында Instagram желісінде, сайысқа қатысушының жеке парақшасында (account) қысқа бейне роликті (vine) орналастыру арқылы өткізіледі.

4.2. Конкурсқа қатысудың міндетті шарттары:

- қатысушының Instagram желісіндегі жеке парақшасына ашық қол жеткізу;

- @adiletgov парақшасына жазылу;

- «Қазақстанда контрафактіге орын жоқ» атты тақырыбына Instagram желісіне қысқа бейне ролик (vine) түсіріп, орналастыру;

- Бейне баянның сипаттамасында #КонкурсНЕТконтрафакту2019,

@adiletgov орнату;

- Бейне роликтің ұзақтығы 1 минуттан аспайды.

4.3. Конкурсқа өтінім белгіленген тәртіппен бейне роликтің сипаттамасында тақырыпты және конкурсты ұйымдастырушының атауы орналасқаннан бастап тапсырылған деп есептеледі.

5. Конкурстық жұмысқа қойылатын талаптар

5.1.2019 жылғы 3 мамырынан кешіктірілмей конкурстық жұмыстар ұсынылуы тиіс.

5.2. Конкурстық жұмыстың мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына және адамгершілік нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

5.3. Конкурстың шарттарына сәйкес келмейтін конкурстық жұмыстарды Комиссия қарастырмайды.

5.4. Конкурсқа қатысуға және оның қортындысы бойынша апелляция қабылданбайды.

6. Үздік конкурстың жұмысты анықтау бойынша

конкурстың бағалау өлшемдері

6.1. Үздік жұмыс келесі өлшемдер арқылы анықталады:

- жұмыстың аталған тақырыппен сәйкестігі;

- жаңалығы мен өзектілігі;

- маңыздылығы мен өзіндік ерекшелігі;

- қол жетімділік пен көрнекілігі;

- зияткерлік меншік құқықтарын сақтау.

7. Авторлық құқықтар

7.1. Конкурсқа қатысуға конкурстық жұмысты жіберу арқылы қатысушылар авторлық құқықтарды сақтауға кепілдік береді және үшінші тұлғалардың тарапынан шағымдар туындаған жағдайда өз бетінше және өз есебінен шешеді.

7.2. Өз жұмысын конкурсқа жібере отырып, автор конкурсты ұйымдастырушыларға автоматты түрде, ұсынылған конкурстық жұмысты пайда табу ниетінсіз эфирге, кабель арқылы, жұртшылық үшін хабарлау арқылы әлеуметтік желілерге, БАҚ-да орналастыруға, әрі қарай тираждауға, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде аударуға құқық береді.

7.3. Конкурсқа қатысушылар өзінің дербес деректерін (аты жөні, электрондық пошта мекенжайы және басқа конкурсқа қатысушы хабарлаған өзге де деректері) өңдеуге өз келісімін береді.

7.4. Конкурсқа жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

7. Конкурсты қорытындылау

8.1. Конкурстық комиссия конкурстың жеңімпаздарына жүлделі орындар тағайындайды. Конкурс қорытындысы бойынша 2 жүлделі орын келесі номинациялар бойынша беріледі:

- «саны жағынан ең көп қаралған»;

- «ең мағыналы бейне ролик»;

«БЕКІТЕМІН»

Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі

____________ Н. Пан

2019 ж. «___» __________

«2050 жылғы зияткерлік меншік және мемлекет модель»

ең үздік эссесінің конкурсы туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.1 Осы ереже азаматтар арасында «Зияткерлік меншік және мемлекет модель 2050 жылы» ең үздік эссенің конкурс өткізу шарттары мен тәртібін анықтайды.

1.2. Конкурс 2019 жылғы 10-сәуір мен 3-мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қолдауымен өткізіледі.

2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Конкурс коғамның контрафактілік өнімге төзбеушілігін қалыптастыру және зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында азаматтардың білімін арттыру мақсатында өткізіледі.

2.2. Мақсаттар:

- контрафактілі тарауына қарсы күресті дәріптеу және насихаттау;

- контрафактіге жағымсыз көзқарасты қалыптастыру;

- қоғамның зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы құқық түсіндіру жұмысына қатысуы;

- ішкі нарықта контрафактілік өнімнің таралу мәселесі жайлы қоғамның хабардар болу деңгейін жоғарлату.

3. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Конкурсқа қатысушылар ретінде жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

3.2. Конкурс 14-16 жас санаты арасында өткізіледі.

4. Конкурсты өткізу шарттары

4.1. Өтінімдер 2019 жылғы 10 сәуірден бастап 26 сәуірге дейін облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде қабылданады.

4.2. Конкурсты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Әділет департаменттері екі кезеңмен өткізеді:

1 кезең – аймақтық:

Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде. Құжаттар қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін 2 күн ішінде конкурстық жұмыстарды комиссиялы қарап, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір үздік жұмыстан артық емес жолдайды.

2 кезең – республикалық:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде жеңімпазды іріктеу бойынша қорытынды кезең 2019 жылғы 3-10 мамыр аралығында өтеді. Конкурстық комиссия үздік жұмысты іріктеп алады.

4.3. Конкурстық комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың (Әділет министрлігі, МСМ, БҒМ), жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылық өкілдері кіреді.

5. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар

 

5.1. Қатысушылар қағаз және (немесе) электрондық форматта (сандық тасмалдағышта: USB, диск) эссенің (шағын көлеиді және еркін композицияның прозалық құрамы) № 2 қосымшаға сәйкес Әділет департаменттерінің мекен-жайға (электрондық мекен-жайға) ұсынады.

5.2. Қатысушылар конкурстық жұмыстарын тұратын жері бойынша облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары Әділет департаменттеріне жібереді.

5.3. Конкурстық жұмыс:

- конкурсқа қатысуға өтінімнен (№ 1 қосымша);

- конкурстық эссенен тұрады;

5.4. Автормен ұсынылған эссе А 4 форматындағы Microsoft Office Word бағдарламасында орындалған екі бетке дейін болу керек. Мәтінде жалпы қабылданған атаулардан басқа атаулардың қысқартуына, сондай-ақ бөтен материалдардың қарызға алунуына жол берілмейді.

5.5. Мәтін шрифті (қаріпі) Times New Roman, 14 кегль, 1 интервал.

5.6. Конкурстық жұмыс мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін.

5.7. Конкурстық жұмыс осы Ереженің 4.1-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

5.8. Мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына және мораль нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

 

5.9. Конкурстың шарттарына сәйкес келмейтін конкурстық жұмыстарды комиссия қарамайды. Конкурсқа қатысу және оның нәтижелері бойынша шағымдар қабылданбайды.

 

6. Үздік конкурстық жұмысты анықтау бойынша

конкурстың бағалау өлшемдері

 

6.1. Ең үздік жұмысты таңдау келесі өлшемдер бойынша жасалады:

- өтінім берілген тақырыпқа сәйкестігі;

- материалды баяндаудың ықшамдылығы және нақтылығы;

- түпнұсқалық және шығармашылық тәсілі;

- қорытындылардың негізділігі;

- ресімдеудің талаптарға сйкестігі;

- зияткерік меншік құқықтарын сақтауы.

 

7. Авторлық құқықтар

 

7.1. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық жұмыстарды жібере отырып, қатысушылар авторлық құқықтардың сақталуына кепілдік береді және үшінші тұлғалар талаптарын ұсынған кезде туындайтын мәселелерді өз бетімен және өз есебінен реттейді.

7.2. Конкурсқа өз жұмысын жібере отырып, автор бірден, конкурсты ұйымдастырушыларға ұсынылған конкурстық жұмысты авторлық құқықтың бүкіл қолданылу мерзімі бойы эфирге хабарлау, кәбіл арқылы жалпы жұрттың назарына жеткізу, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, әрі қарай тираждау, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріне аударужолымен пайда түсірместен пайдалану құқығын береді.

7.3. Конкурсқа қатысушылар өздерінің жеке деректерін өңдеуге (конкурсқа қатысушылар ұсынған тегі, аты, әкесінің аты, электрондық пошта мекенжайы және басқа жеке деректер) келіседі.

7.4. Конкурсқа жіберілген материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

8. Конкурсты қорытындау

 

8.1. Конкурстың қорытындыларын конкурстық комиссия шығарады, оның құрамын облыстарда және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Әділет департаменті басшысының бұйрықтарымен, орталық аппаратта Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі.

8.2. Конкурстық комиссия материалдардың талаптарға сәйкес болуын қарайды және жеңімпаздарды анықтайды.

8.3. Жеңімпаз дипломмен марапатталады. Жеңімпазды ұйымдастырушы 2019 жылғы 17 мамырда жариялайды.

 

 

1 қосымша

Конкурсқа қатысуға өтінім үлгісі

 

«2050 жылғы зияткерлік меншік және мемлекет модель»

тақырыбы бойынша

үздік эссе конкурсқа қатысу үшін

ӨТІНІШ

 

1

Тегі, Аты, Әкесінің аты

 

2

Туған күні

 

3

e–mail

 

4

Телефон

 

5

Пошталық мекенжай

 

6

Жұмыс жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

2 қосымша

Мекен-жайдың

аты-жөні

Жеке мекен-жайы

Электрондық пошта

1. 1.

Павлодар облысының әділет департаменті

140000, Павлодар облысы, Павлодар қ., Астана көшесі, 18

da.mergalimov@adilet.gov.kz

ad.tukenov@adilet.gov.kz

8.2. Конкурс жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің @adiletgov профилінде хабарланатын болады.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы