Елбасы Жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазан айындағы Жолдауы – қазақ көшбасшысының көрегендігін кезекті рет көрсетті. Бұрынғы Жолдау­ларында ол елді экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш сал­ған болса, енді Қазақстан аза­мат­­тарының тұрмыс-ахуалын арт­тыруды көздеген әлеуметтік шара­лар жасау тұрғысындағы мақса­т­тар­ды белгілеп отыр.

Осының өзі­мен Қазақстанның көшбасшысы мем­лекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам екендігіне көзі жеткен эко­но­микалық және саяси жетілудің шыңы­нан көрінеді. Жолдауда атап көр­сетіліп, Үкіметке тапсырма ретінде беріл­ген – білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық табысын арттыру, мем­лекеттік қызмет көрсетулердің жақ­саруы – міне, адам капиталын ин­вес­тициялауға жасалған осы шара­лар­дың бәрі қазақстандықтардың өмір са­пасының артуына кепіл болары сөз­сіз.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы Жолдауының орындалуы экономикалық тетіктермен бекітілгені, нақты жоспарлардың белгіленгені және орындалуын қадағалайтын қажетті бақылау жүйесімен астасқан.  Президенттің Жолдауда көрсеткен барлық мақсаты орындалып, Қазақстан халқының табыспен өркендей беретініне сенімдімін.

Ж.Айтмаханова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының басшысы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы