Елбасы Жолдауы

2018 жылдың 10 қаңтарында Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жарияланды.  

Жолдауда жүзеге асыруы тиіс 10 негізгі бағыты айқындалған. Бұл Жолдаудың негізгі мазмұны қазіргі жаһандық жағдайда әлем елдерінің көшінен қалмай, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін ғылыми-техникалық, ақпараттық-технологиялық салаларды дамыту және адами капитал – жаңғыру негізі екендігін атаған. Елбасы осындай қиын-қыстау кезеңде бірлік пен ынтымақтастық, бейбітшілік пен тұрақтылық сияқты қазаққа тән құндылықтарымызға берік болсақ, қазақ халқының алмайтын қамалы, бағындырмайтын шыңы болмайтындығын қадап айтты.

Әсіресе отандық кәсіпкерлерге әлемдік және аймақтық нарықтағы бос кеңістіктерді жаулап алу мүмкіндіктерін пайдалануға, осы ел мен мемлекеттің арқасында жинаған қаражаттарын шет елден өз елімізге әкеліп экономикаға салса, ол қаражат қаржы иесіне сенімділік, туыстарына табыс, мемлекетке байлық болатынын ескертті. Басымдылықтарының бірі – экономиканың жедел технологиялық жаңарту. Бұл цифрлық технологиялар базасында жаңа преспективалы салалар құру дегенді білдіреді. Бизнес-ортаны кеңейту мен жаппай кәсіпкерлік үшін жағдайларды жақсартудың қағидатты маңызы бар. Бұл үшінші мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтып, бизнес үшін барлық ықтимал шығындарды төмендетіп, мемлекет - жекеменшік серіктестігін, тұрғын үй нарығын дамыту, өсімнің болашақ моделінің қатарында агроөнеркәсіп кешені, көлік және логистиканы,  денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау жолдаудың басты басымдылықтары болып табылады.

Сонымен бірге Елбасы Жолдауда қандай қиын жағдай болмасын, мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін толық орындап, денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражаттың қысқармайтынын, жаңа жылдан бастап зейнетақылар мен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының өсетіндігін, осы жақсылықтың барлығы ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы үшін жасалынып жатқандықтан, көлденең шыққан кедергілерден кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына егемендігімізді баянды, тәуелсіздігімізді табанды ету жолында аянбай бір мақсат, бір тілектің астынан табылып, бірігіп тіршілік етуге шақырды.

Жолдауда айтылған ойлар мен көтерілген бастамалар әрбір Қазақстандықтың жүрегіне жетеді, ал Әділет органдарының қызметкерлері жолдауда көрсетілген бастамалар мен жоспарларды, одан туындайтын міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруға атсалысатындығына сенеміз.

Ж.Айтмаханова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының басшысы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы