Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі

Бәсекелестікке қабілетті 30 елдің ішіне Қазақстанның кіруі – Үкіметтің ең маңызды мақсаттарының бірі болып табылады.

ДЭФ ЖБҚ көрсеткіштерін жақсарту мақсатында және де заңнамалардың тиімділігін арттыруда, кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол дегеніміз тек көрсеткіштерден басқа, адамның құқықтарын тиімді қамтамасыз етеді.

Даулы мәселелерді реттеу мақсатында сотқа дейінгі даулы мәселелерді шешу және құқықтарын қорғау формалары жүргізіледі.  Азаматтардың уақыты мен шығынын анағұрлым қысқарту мақсатында, ҚР «Медиация туралы» Заңына сәйкес, азаматтар істі сотқа жеткізбей, даулы мәселелерді бітімге келу арқылы шешуге болады. Медиацияны қолдану саласы келесілер болады:  жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын отбасындағы, еңбек, әкімшілік және басқа да қарым-қатынаста туындайтын даулы мәселелер (жанжалдар) және де орта және шағын қылмыс істері бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу кезіндегі қылмыстық қылықтар және атқарушылық істерді орындау кезінде туындайтын қарым-қатынастар. Даулы мәселелерді (жанжалдарды) реттеу туралы келісімді медиация арқылы өткізген жағдайда, ол жазбаша түрде және екі жақпен қол қойылып жасалады. Медиацияның өзгешелігі, ол екі жақтың ерікті білдіру арқылы жасалынады, яғни, егер екі жақтың бірі келіссөзге өткізуге келіспесе, онда медиация жасалынбайды. Екі жақ даулы мәселелерді (жанжалдарды) реттеу келісімін, келісімде көрсетілген тәртіп пен уақытын сақтап, міндетті түрде орындау керек. Статистикаға сүйенсек, барлық даулардың 30-40 пайызы медиация арқылы өткізіледі, оның ішінде 85 пайызы оң шешімін тапқан.

Сонымен қатар, даулы мәселелермен сұрақтарды реттеу мақсатында, 2016 жылы 8 сәуірде «Арбитраж туралы» ҚР Заңы қабылданды. Даулы субъектілердің орналасқан жері  мен тұрғылықты жеріне қарамастан – мемлекеттің ішінде немесе шегінен тысқары, арбитражбен рұқсат етілген, егер де басқа да ҚР заңнамалы актілермен белгіленбеген жағдайда аталмыш Заң жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын әкімшілік-құқықтық қатынастан пайда болатын даулы мәселелер бойынша қолданылады.  Арбитражға ведомстволық қарауға жатпайтын келесі даулар жатады: кәмелет жасқа толмаған адамдар, қабілеттің жоқтығы немесе қабілетіне шектеу қойылған адамдардың мүдделеріне қатысты; банкроттықты оңалту туралы; табиғи монополияның субъектілері мен олардың  тұтынушылары арасындағы; мемлекеттік органдардың, мемлекеттік секторлардың субъектілері арасындағы даулар. Сонымен қатар, арбитраж мүлікке қатысы жоқ, беймүлікті қатынаста пайдал болатын жеке дауларды қарауға құқығы жоқ. Арбитражды шешім арбитрдың (арбитрлармен) қолы қойылған күнінен бастап күшіне еніп, міндетті түрде мақұлданады. Егер де арбитрлық шешімде мерзімі көрсетілмесе, онда ол дереу орындалу керек. Өз еркімен шешімнің орындалмағаны, мәжбүрлеп орындауға әкеледі.

Тұтас алғанда қабылданған заңнамалық бастамалар азаматтармен қоса, заңды тұлғаларға да қолайлы жағдайлар туғызуға бағытталған.    

М.Катарова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының бас маманы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы