Бірыңғай болашақ ұлты

Уақыт – қадірін білгенге қазына дейміз ғой. Кез келген адам баласына бұл дүниеде шектеулі ғана уақыт берілетінін білсек те, оған жете мән беріп, ескере бермейтініміз қызық. Кез келген мемлекет өзіне берілген уақытты тиімді пайдалануы қажет десек, біздің де үлкен қадамдар жасап, кейде шұғыл шешім қабылдауымызға тура келетіні анық. Осы тұрғыдан алғанда дер кезінде айту, дер кезінде жүзеге асыру, дер кезінде орындау сынды қағидалар біз үшін, яғни Қазақстан атты жас мемлекет үшін аса маңызды. Сол себепті де Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы өзекті әрі уақытылы айтылған деп ойлаймыз. Еліміздің болашағына құрылған бұл саяси құжатта айтылған сөздер өте орынды және маңызды. Себебі, төрткүл дүниеде болып жатқан құбылыстарды ескеретін болсақ, еліміздің 2050 жылға дейінгі бағытын алдын-ала айқындауы өте дұрыс. Сонымен қатар, Жолдауда «Мәңгілік Ел» идеясы, «Тәуелсіз Қазақ елінің болашағы және ұлт тұтастығы» аясында бірқатар мәселелер көтеріліп, ұлт тұтастығына, ұлтаралық тұрақтылық мәселесіне ерекше назар аударылған.

 

Ж.Айтмаханова

Баянауыл аудандық әділет басқармасының басшысы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы