Адвокат қалай болуға болады

Адвокат қызметі – азаматтардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғау және әрекеттесу, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және әрекеттесу мақсатында «Адвокаттық қызмет туралы» Заңмен белгіленген тәртіпте адвокаттар кәсіби негізде көрсететін білікті заңдық көмек.

Қазақстанда мынадай азаматтар адвокат бола алады:

- жоғары заңдық білімі бар;

- ҚР Жоғары Сот кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған немесе адвокаттар алқасында тағылымдамадан немесе аттестаттаудан өткен, сотта тиісті тағылымдамадан өткен және облыстық немесе оған теңестірілген сотта пленарлық отырыста оң пікір алған немесе судья өкілеттігін тоқтатқан немесе прокуратура немесе тергеу органдарынан 10 жылдан кем емес прокурор немесе тергеуші лауазымында  теріс ниеттер бойынша жұмыстан шығарылуды қоспағанда, жұмыстан шығарылғандар;

- адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алғандар.

Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияны қалай алу керек?

Адвокаттық қызметке лицензияны алу үш кезеңде жүргізіледі, ол тағылымдаманы қамтиды – қажетті дағдыларды, аттестаттауды және лицензияларды тікелей алуды қамтиды.

Адвокаттық қызметпен айналысу үшін тағылымдамадан өту.

Егер сіз адвокат болу туралы шешім қабылдасаңыз, онда мынадай құжаттармен адвокаттардың аумақтық алқасына жүгіну қажет:

- тағылымдамадан өтуге рұқсат туралы өтініш;

- ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;

- жоғары заңдық білім туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылғаны);

- заң мамандығы бойынша жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының немесе өзге құжаттың көшірмесі;

- психиатриялық және наркологиялық диспансерлердің медициналық анықтамалары;

- соттылықтың болмауы туралы анықтама.

Тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруды Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге сәйкес адвокаттар алқасының президиумы жүзеге асырады. Бұнда тағылымдама 5 жылдан кем емес адвокаттық қызметі бар адвокаттың басшылығымен жүргізіледі. Тағылымдама ұзақтығы 6 айдан бір жылға дейінді құрайды.

Тағылымдамадан өту ақылы түрде жүзеге асырылады,  тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру үшін төлем мөлшері және мерзімі шартта көрсетіледі. Ережеге сәйкес, тағылымдаманың әр айы үшін төлем 10 АЕК аспайтын мөлшерде белгіленеді.

Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледі.

Адвокаттық  қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту.

Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге сәйкес аттестаттаудан өту үшін аумақтық әділет органдарына мынадай құжаттарды жіберу:

- өтініш;

- ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- тағылымдамадан өту туралы қорытынды (адвокат береді);

- жоғары заңдық білім туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылғаны);

наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар;

- соттылығының болмауы туралы анықтама;

- тағылымдамадан өту туралы анықтама (қорытынды электронды түрде рәсімделген жағдайда ұсынылмайды).

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады – ҚР заңнамасын білуге компьютерлік тест тапсыру және емтихан билеттері бойынша білімді тексеру. Аттестаттауды қазақ тілінде де, орыс тілінде де өтуге болады.

Аттестаттау өткеннен кейінгі келесі күні Комиссия аттестаттау немесе аттестаттамау туралы негізді шешімді шығарады. Аталмыш шешім 6 жыл ішінде әрекет ететін болады. Аттестаттамау жағдайында қайта аттестаттаудан жылдан бұрын өтуге болады. Комиссияның шешімін сот тәртібінде талап етуге болады.

Аттестаттау туралы шешім оны шығарғаннан бастап 6 жыл ішінде жарамды болып табылады.

Ж.Айтмаханова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының басшысы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы