Жәбірленуші құнды заттарын ұрлаған сотталушыны кешірді

Жарияланған: 31.01.2017


Баянауыл аудандық соты И-қа қатысты ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлімінің 3 тармағымен қозғалған қылмыстық ісін қарады.

       Іс материалдары бойынша И. Баянауыл ауылында Жамбыл көшесінің бойымен қыдырып жүріп № 22 үйдің қасынан өтіп бара жатып, үйдің иелерінің жоқ екенін көріп қалып ас бөлмесінің әйнегінің шынысын бұзып, үйге кіріп ақшасы бар сумканы және басқа да құнды заттарын алып кеткен, өз әркетімен жәбірленушіге 160000 тенге көлемінде шығын келтірген.

     Сот отырысының барысында жәбірленуші дан медиативтік келісімге келгендіктен И-ты қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш түскен.

        Сот қаулысымен И-қа қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен тараптардың татуласқаны себепті өндірісімен қысқартылған.

        Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

                                                                        Баянауыл аудандық сотының

                                                                        Баспасөз қызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы