«Жәбірленуші құнды заттарын мал ұрлағаны үшін кешірді»

Жарияланған: 07.06.2017


          Баянауыл аудандық соты Ғ-ға қатысты ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлімінің 3 тармағымен қозғалған қылмыстық ісін қарады.

          Іс материалдары бойынша Майқайың кентінде 03 қаңтар 2017 жылы шамамен 00-15 сағатта Ғ. үйінен серуендеп қайту үшін далаға шығады, сол кезде ол Майқайың кенті Кенжебаев көшесіндегі 1 үйдің жанынан өтіп бара жатқанда сол үйдің қорасынан қойдын маңыраған дауысын естиді де, қораның алдына барып, есігін ашпақшы болды қораның есігі құлыпқа салынбай, жай жабық тұрады. Ғ. сол кезде қораның есігін ашады да, ішіндегі тұрған бірнеше бас қойларды көреді.

Сол уақытта Ғ. жоғарыда көрсетілген бірнеше бас қойлардың арасынан бір қойды жымқыру ойы келеді. Ол қолына түскен бір қойды ұстап алады да, қорадан шығып кетеді..

Ғ. қылмыстық іс әрекетімен М. бір бас қойды жымқыру арқылы 20 000 теңгеге материалдық шығын келтірген.

 Сөйтіп, Ғ. ҚК-ның 188 бабының 2 бөлімі 3 тармағымен көзделген – ұрлық, яғни бөтен мүлікті заңсыз кіру арқылы жасырын ұрлау қылмысын жасаған.

         Сот отырысының барысында жәбірленуші дан медиативтік келісімге келгендіктен Ғ-ды қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш түскен.

        Сот қаулысымен Ғ-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен тараптардың татуласқаны себепті өндірісімен қысқартылған.

        Қаулы заңды күшіне енді.

 

                                                                        Баянауыл аудандық сотының

                                                                        Баспасөз қызметі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы