Жазаны өтеуден шартты жазамен уақытынан бұрын босату және өтелмеген жазаны жеңіл түрдегі жазаға алмастыру тақырыбында «дөңгелек үстел

Жарияланған: 31.01.2017


Баянауыл аудандық сотында сот төрағасының, прокурор Р.М.Рахманбергеновтың және Павлодар облысының  ҚАЖД Баянауыл аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Е.Т.Шайхинның қатысуымен «Жазаны өтеуден шартты жазамен уақытынан бұрын босату және өтелмеген жазаны жеңіл түрдегі жазаға алмастыру тақырыбында  «дөңгелек үстел»  өтті.

         «Дөңгелек»  үстел барысында  шартты жаза тағайындалған тұлғаларды  қадағалауда ұстау бөлімінде үкімдерді орындау мәселелері талқыланды.

             Сот төрағасы Д.С.Салатовпен үкімі орындалудағы істер арқашан қадағалауда болатындығы және үкімнің орындалуы жөнінде және пробациялық қадағалауға алу жөнінде хабарламаны уақытылы жолдау қажеттілігі аталып өтті.

           Пробация қызметінің аға инспекторы Е.Т.Шайхин:  оларда пробациялық бақылауда 49 сотталған бар екендігі және үкімдерді орындау бойынша уақытылы жауаптар берілетіндігі атады және сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша және жұмыс орыны бойынша тексеру жүргізілетіндігін айтты. 2016 жылдың 12 айында сотқа қаралуға 16 материал жолдаған және оның ішінде 5 материал бойынша ШББ жеңілдетуге, 2 материал бойынша уақытынан бұрын босатуды жеңілдетуге, 1 материал үкім негізінде тағайындалған шартты жазасының күшін жою туралы аталған барлық материалдар қаралып, қанағаттандырылған. 2016 жылы сотқа бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру бойынша 5 материал жолданған және сотпен өтінімхатты қанағаттандырудан бас тартылған.

         «Дөңгелек үстел» жұмысы барысында бірлесіп жұмыс жасау және  сот актілерінің уақытылы орындалуы мақсатында констуктивтік әңгімелесу болды.

 

                                                                                    Баянауыл аудандық

 сотының баспасөз қызметі.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы