«Қылмыстық істі қарау барысында Қылмыстық процессуалдық заңнаманың нормалары бұзылғаны анықталды»

Жарияланған: 03.04.2017


Баянауыл аудандық сотымен И. қатысты ҚР ҚК 346 бабының 1 бөлімімен көзделген қылмыстық ісі қаралған.

       Сотпен 05.03.2017 жылы 22-45 сағатта И. Баянауыл ауылында, ішімдік ішкен күінде бола тұра 3 жыл мерзімге жүргізу құқығынан айырылғанын біле тұра «Лада 2121» маркалы автокөлігін Сәтбаев көшесі бойымен жүргізген және Баянауыл аудандық ІІБ полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.

       Сот үкімімен И. ҚР ҚК 346 бабының 1 бөлімімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырумен 120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған.

Қылмыстық істі қарау барысында  Қылмыстық процессуалдық заңнаманың нормалары бұзылғаны анықталды:  қылмыстық бұзушылық туралы хаттама қызметті тұлғамен тиісті түрде рәсімделмеген.    

       Жеке қаулы шығарылып, Баянауыл аудандық ІІБ бастығының назары осы іс бойынша жіберілген қателіктерге аударылды.

       Үкім заңды күшіне енді.

 

                                                                              Баянауыл аудандық сотының

                                                                              Баспасөз қызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы