Тонаушыларға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған

Жарияланған: 18.01.2017


13.11.2016 жылы 07-00  сағат шамасында Ш.Т.И. алкогольдік масаю күйінде бола тұра ВАЗ-21015 автомашинасымен Майқайың ауылында орналасқан «Береке» дүкенінің қасынан бұрын таныс  Б-ды көрген. Сол кезде оларға бөтеннің мүлкін жымқыру ойы келген. Олар автостанцияға жеткізіп салуды сылтау етіп Б-нан көліктің артқы орындығына  отыруын ұсынған. Сотталушылар жәбірленушінің жағыз екенін пайдаланып және оның физикалық қарсылық көрсете алмайтындығын түсініп одан ұялы телефоны мен құлаққабысын  талап еткен.

     Әрі қарай үшеуі Б-нан ұялы телефоны мен құлаққабысын  талап етуді жалғастырған, бірақ Б. көліктен секіріп кеткен, сондықтан сотталушылар  өздеріне байланысты емес мән-жайлар бойынша қылмыстық ойларын іске асыра алмаған.

        Сот  үкімімен Ш.Т.И. ҚР ҚК 24 бабының 3 бөлімімен- 191 бабының 2 бөлімі 3 тармағымен кінәлі деп танылып 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. 

 

                                                                              Баянауыл аудандық сотының

                                                                              Баспасөз қызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы