Сот жүктемесін оңтайландыру

Таяуда бірқатар заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойылды. Президенттің меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды.

Бұл заңға өзгеріс енгізудің мақсаты – соттың жұмысын азайту. Сот жүйесін оңтайландыру мақсатында заңда сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне 18 санкциядан тек екеуін ғана қалдыру және елден тыс жерлерге шығуға тыйым салу қарастырылған. Борышкердің мүлкіне тыйым салуға санкция беру алынып тасталды. Банктік шоттарға тыйым салуға санкция беру және банктік құпияны құрайтын ақпаратты талап ету прокуратураға берілді.

Сотта тек Қазақстан Республикасынан тыс шығару және мәжбүрлеп жеткізу қаулысын санкциялау ғана қалады. Заңмен соттардан дауларды қамтымайтын істерді шығаратын бірқатар нормалар енгізілді. Бұл сот орындаушыларының іс-әрекеттерін санкциялау, бірқатар даусыз талаптарды нотариусқа беру - соттардағы жүктемені азайтуға және судьялардың назарын шын мәнінде күрделі сот дауларына аударуға мүмкіндік берді.

Соттардан даусыз істерді алып тастау арқылы судьялардың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сапалы қорғауға мүмкіндік туды. Сот  отырысына келмей-ақ, процеске онлайн режимінде қатысудың мүмкіндігі туды.

Бұйрықтық істердің 18 түрінің 9-ы нотариустарға өтті. Мәселен, нотариалды куәландырылған мәмілеге, жалақыны өндіру, лизингті талап ету, ломбардтардың кепілін айналымға енгізу, коммуналдық төлемдер бойынша қарыз бен жалдау ақысын өндіріп алу, тағы да басқа талаптарды бұдан былай тек нотариустар қарайтын болады.

Бұл енгізілген реформаның негізгі бағыты азаматтардың заңның үстемдігіне, сот әділдігіне, заңның күшіне, сот жүйесіне деген сенімін арттыру болып табылады.

 

 

Ж. Дюсенаева,

«Сот  актілерін орындау жөніндегі

Баянауыл ауданының  аумақтық

бөлімі» филиалының

басшысы-аға сот орындаушысы

                    «ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы