Сот залынан

Жарияланған: 26.09.2017


Баянауыл аудандық сотымен мемлекеттік  биліктің институтына қол сұғушылық  бойынша әкімшілік ісі қаралған.

         Іс материалдары бойынша А.А. «Жасыбай» демалыс орынының уақытша полиция пунктінде бола тұра оның жеке басын анықтау мақсатында қызметтік міндетін орындау барысында кезекші полиция қызметкерінің кабинетке кіру жөніндегі заңды талабына бағынбаған. Яғни А.А. кезекшінің кабинетіне кіруден  бас тартқан. Содан кейін ІІД ЖӘМБ инспекторымен жауынгерлік қабылдау көрсетілген.

        Осы факті бойынша А.А. қатысты ҚР ӘҚБтК 667 бабының 1 бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы толтырылған - құқық қорғау органы қызметкерінің  өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты заңды талабына бағынбау.  

       Баянауыл аудандық сотының 31 тамыз 2017 жылғы  қаулысына сәйкес А.А. ҚР ӘҚБтК 667 бабының 1 бөлімімен әкімшілік құқы бұзуда кінәлі деп танылып әкімшілік өндіру ескерту тағайындалған.

      Қаулы заңды күшіне енген жоқ.  

                                                                                    Баянауыл аудандық

сотының баспасөз қызметі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы