Сот шығындары

Жарияланған: 24.05.2017


Сот шығындары азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж бен іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады. Мемлекеттік баж азаматтық істер бойынша заңды мәні бар іс-әрекеттерді жасау және құжаттарды беру үшін алынатын міндетті төлем болып табылады. Сотқа берілетін талап қою түрлері мен арыздар, сондай-ақ қарсы талап қоюлар қарастыруы мүмкін бірнеше талаптардың әрқайсысы мемлекеттік баж алудың объектісі болып табылады. Талап қоюдың бағасын көтеру туралы қосымша талап арыз да мемлекеттік баж арқылы төленуге жатады.

       Азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж сот шешімдерінің, ұйғарымдарының және басқа да сот қаулыларының қайта берілген көшірмелерін, сонымен қатар істегі басқа да құжаттардың көшірмелерін тараптардың және басқа да іске қатысушы тұлғалардың өтініші бойынша беру кезінде алынады.

      Азаматтық процестік Кодексі бойынша Салық кодексінің 533-бабының ережелеріне сәйкес талап қоюды, арызды немесе шығынды бастапқы беру кезіндегі талап қоюшы, арыз беруші ретінде қатысушылар қарсы арыз берілген жағдайларда сотта жауапкер ретінде қатысушылар; сот қарауындағы даудың нысанасына дербес талап қоятын үшінші тұлға ретінде қатысушылар; бастапқы талап қоюшы істен шыққан жағдайда және оны құқықтық мирасқоры ауыстырылса, бастапқы талап қоюшы мемлекеттік бажды төлемеген жағдайда соңғысы мемлекеттік баж төлеуші болып табылады; тараптар және іске қатысушы басқа тұлғалар сот актісіне шағымданғанда және сот актілерінің көшірмелерін немесе істен басқа құжаттардың көшірмелерін қайта беру үшін сотқа жүгінген жағдайдағы жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік бажды төлеушілер болып есептеледі. Мемлекеттік бажды жоғарыда көрсетілген тұлғалардан басқа адам төлесе, төлем тапсырысында қандай әрекет жасағаны үшін және төлеуші кім үшін төлегенін көрсетуі тиіс.

 

                                                                                                      Баянауыл аудандық сотының

                                                                   Бас маманы М.Р.Кунанбаева

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы