«Сот кабинетінің ерекшеліктері»

Жарияланған: 30.05.2017


Сот кабинеті - бұл Қазақстан Республикасының сот органдарына электронды сервистерге қол жетімділік құралы. Онлайн режимде сот құжатын істің қаралуы барысын, процессуалдық мерзімін  қадағалай алады және сот актісін шығара алады. Қазіргі таңда «Сот кабинетін» қолдану қарқынды дамуда. Сот кабинетінің басымдылығы өтініштерді және шағымдарды компьютер және электрондық қолы, интернет болған жағдайда сотқа тәуліктің қалаған уақытында жолдауға болады. Құжатты электронды түрде жіберу туралы қолма – қол соттың атауы бар, тараптардың атауы бар, жолдаған уақыты бар талон алады.

       Сот отырысының қатысушысы өз бетімен процессуалдық мерзімдердің, қаралу мерзімдерінің сақталуын қадағалай алады.

    Сондықтан «Сот кабинетінің» қолданушылары сотқа бір күнге және уақытқа тағайындалған сот отырысына және дайындалған процедураға барады. Сондықтан өздерінің уақыттарын егер сот басқа қалада немесе алыс ауданда орналасқан болса қаражатын үнемдейді.

       Сот қызметінің жүйесіне қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу халықтың соттық ақпаратына қол жеткізудің ең басты іс-шарасы болып табылады. «Сот кабинеті» сервисіне сотқа жолдайтын электрондық бланкілердің үлгілері салынған және ол халықтың уақытын ғана үнемдемейді, ол қаражатын да үнемдейді. .

      Сервистің ұялы телефон нұсқасы онлайн режимде сот отырысытарының тағайындалуы жайлы /күні, уақыты, болатын орыны жайлы/ мәліметті қарауға мүмкіндік береді. Қолданушы бұдан басқа онымен қол қойылмаған өтініштер және сот органдарына жолдаған өтініштері жайлы мәлімет ала алады, хат алмаса алады.

       «Сот кабинеті» базасында сот қызметін ішкі бағалау бойынша пилоттық  жобасы іске енгізілді.

      Мемлекет басшысы «Судьялардың VII съезінде сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту мақсатында сот жұмысы жаңа құқықтық база қалыптастырғанын, қажетті ұйымдастыру шаралары жүргізілгенін атады. Сот төрелігіне қол жетімділік мәселесі табысты шешілуде. Ол заманға сай технологиялардың арқасында шешімін табуда және дамыған мемлекеттердегі сияқты электронды сот өндірісі бар екенін де атап өтті.

      Халық арасында сұрақнама алу 2017 жылдың 10 сәуірінен 1 шілдеге дейін жүргізіледі. Сұрақнамаға сот отырысының қатысушылары ғана қатыса алады, 10 сұрақтан тұрады.

     «Сот кабинетінің» мақсаты электронды әсер етумен ашықтықты қамтамасыз ету және  сот өндірісін қысқарту болып табылады.

 

                                                                   Баянауыл аудандық сотының

                                                                   кеңсе меңгерушісі А.М.Омарова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы