Сот кабинетін түсіндіру іс-шарасын өткізу мақсатында Баянауыл аудандық сотымен Мемлекеттік корпарация «Халыққа арналған Үкімет» «НАО филиалының» Баянауыл ауданының «ХҚКО» аудандық бөлімінде «Сот кабинеті» тақырыбында семинар өткізілді

Жарияланған: 20.06.2017


Басты мақсат сотқа сот кабинеті сервисі арқылы жүгіну және қолдану мүмкіншіліктерін түсіндіру.

     Кеңсе меңгерушісі А.М.Омаровамен «ХҚКО» келушілеріне «100 нақты қадам» халық жоспарын жүзеге асыру ақпараттық жаңашылдықтар жиынтығын енгізуді көздейтіні  ашықтығын сот процесстерінің мобильдігі түсіндірілді.

       Алға қойылған мақсатты орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен «Сот кабинеті» сервисі қолданысқа енгізілген. Оның арқасында талап арыздар, шағымдар  және басқа да құжаттарды сотқа тәуліктің кез келген уақытында компьютер, ЭЦҚ және Интернет болса жолдауға болады.

      «Сот кабинеті» - ол онлайн сервистерге сот органдарының басқа да сервис қызметтеріне қол жетімділігі оның арқасында азамат және оның өкілі немесе қорғаушысы  өзіне ыңғайлы уақытта үйінен, кеңсесінен шықпай-ақ , интернет байланысы арқылы өтініш /өтінім/, шағымды жібере алады, электронды түрде мемелекеттік бажды төлей алады, онлайн режимде сот құжаттарын қарай алады және істің статусын қарай алады, сот актісін шығара алады және процессуалдық мерзімдерді қадағалай алады. 

        Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінің порталына салынған электрондық формаларды толтырып сотқа электронды құжаттарды беруге құқылы.

        Бұдан басқа жеке және заңды тұлғалар талап арыздарды, шағымдарды  және басқа да құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы /ХҚКО/  бере алады ол жерде өзіне қызмет көрсету бұрыштары көзделген.

        Іс шара барысында қатысушыларға электронды құжаттарды, шағымдарды және басқа да құжаттарды «Сот кабинеті» сервисі арқылы жіберу, сот құжаттарын қарау түсіндіріліп, көрсетілді.

       Семинарды аяқтай келе А.М.Омарова қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, оларрға қатысқандары үшін алғысын білдірді. 

       

                                                                             Баянауыл аудандық

                                                                             сотының баспасөз қызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы