Шетелдіктер Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған

Жарияланған: 31.05.2017


Баянауыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517- бабының 2- бөлігімен  Өзбекістан Республикасының азаматтарына  қатысты 4 әкімшілік  іс қаралды. (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасы болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)

        Істердің мәні бойынша, шетелдік Өзбекістан Республикасы азаматтары  Қазақстан Республикасының аумағына бақылау бекеті арқылы өтіп төлқұжатқа көші-қон карточкасында көрсетілгендей Баянауыл ауылында уақытша тіркеуде тұрған.

        Алайда, олар Жасыбай демалыс аймағында жұмыс жасаған. Бұл жөнінде Өзбекістан  Республикасының азаматтары  көші-қон полицияға хабарламаған.

        Осы жайт бойынша  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен  әкімшілік іс қозғалып, сотта қаралды.                 

Сот қаулысымен  Өзбекістан Республикасының азаматтары  кінәлі деп танылып, оларды  Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылып жіберу жазасы тағайындалды.

         Қаулылар заңды күшіне енді.

                                                                           Баянауыл аудандық

                                                                           сотының баспасөз қызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы