Пробация қызметінің 13.12.2016 жылғы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау» бойынша ұсыным хаты қаралды

Жарияланған: 09.03.2017


Баянауыл аудандық сотымен Баянауыл ауданының пробация Қызметінің 13.12.2016 жылғы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау» байланысты сотталған Н. жазадан босату туралы ұсыным хаты қаралды.  

      Сот үкімімен Н. ҚР ҚК 191 бабының 2 бөлімі 3 тармағымен /тонау/  бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

    Сот қаулысымен пробация Қызметінің ұсыным хаты қанағаттандырылды, сотталған Н. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау» Заңының 4 бабының 2 тармағының негізінде жазадан босатылған.

       Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

                                                                                    Баянауыл аудандық

 сотының баспасөз қызметі.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы