«Мүлікті тәркілеу қылмыстық құқықтық ықпал етудің шарасы»

Жарияланған: 03.04.2017


Мүлікті тәркілеу қылмыстық құқықтық ықпал етудің шарасы ретінде қолданысқа енгізіліп, ұлттық қылмыстық заңнаманың нормалары жемқорлық, лаңкестік, қылмыстық кірістердің ізін жоюмен күрес жөніндегі халықаралық конвенцияға сәйкестендіріледі.

        Қылмыстық  жазалаудың  түрі ретінде мүлікті тәркілеуден қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасын ажырата білуіміз керек. Қарастырылып отырған  мүлікті тәркілеудің анықтамаларының ортақ белгілері   тәркілеудің мәжбүрлілігі, тәркілеудің қайтарымсыздығы,  тәркілеу нәтижесінде алынған мүліктің мемлекеттің меншігіне айналуы.

       Жаңа заң бойынша мүлікті тәркілеу, кінәлі тұлға құқық бұзушылық  жасаған жағдайда, оны мүлкінен айырып, меншік пен қалыпты экономикалық әрекеттің қатынасын қалпына келтіруді, лаңкестік экономикалық  негіздерін және ұйымдасқан  қылмысты жоюды, қару мен басқа да қылмыс жасау құралдарын айыруды, қылмыс жасаумен келтірілген залалдың орынын толтыруды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

         Мүлікті тәркілеу дегеніміз – сотталған адамның меншігіндегі заңсыз жолмен табылған, не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті , сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып танылатын мүлікті мәжбүрлеп өтеусіз алып қою және мемлекеттің меншігіне айналдыру . Бұл анықтамаға және мүлікті тәркілеу жазасының  мазмұнына сай тәркілеуге мынадай мүліктер жатады:

1.заңды иесіне қайтарылуға жататын мүлікті және одан түскен табыстарды қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтисесінде алынған ақша мен өзге мүлік және осы  мүліктен алынған кез келген табыс;

2.қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік пен оны ішінара немесе толығымен ауыстырылған немесе айналдыру арқылы алынған табыстар.

3.экстремистік немесе террористік әрекеттері, не қылмыстық топты қаржыландыруға арналған немесе өзге де қамтамасыз етуге пайдаланылатын мүліктер;

4.қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік;

5.сотталған адамның  басқа адамдардың меншігіне берген ақша және өзге де мүліктер;

       Егер осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген мүлікке кіретін белгілі бір затты тәркілеу осы затты тәркілеу туралы сот шешімі қабылданған кезде оның пайдаланылуы, сатылуы немесе өзге де себептер бойынша мүмкін болмаса, сот шешімі бойынша осы заттың құнына сәйкес келетін ақшалай сомма тәркіленуге жатады. Тәркіленуге жататын мүлік үкімде нақты көрсетілуі керек. Тәркілеуге тек қана сотталушының меншігіндегі заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі ғана жатады.

                                                                              Баянауыл аудандық сотының

                                                                              Бас маманы Ж.Л.Диманова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы