«Мемлекеттік тілдің соттарда қолданылуы»

Жарияланған: 09.03.2017


Бүгінгі күні тілдік саясатты жемісті жүзеге асыру үшін жеткілікті нормативтік-құқықтық базасы құрылған.

    2007 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының тілдері туралы» заңында ҚР сот өндірісі мемлекеттік тілде жүргізілетіндігі бекітілген. Қажет жағдайда сот өндірісінде мемлекеттік тілмен тең орыс және басқа тілдерде қолданылатындығы бекітілген.

      Азаматтық процессуалдық және қылмыстық процессуалдық кодекстерде және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде іске қатысушы тұлғаларға іс бойынша өндіріс тілін толық немесе мүлдем білмейтін тұлғаларға өз білетін тілде түсініктемем беруге, өтінім жариялауға құқықтары беріледі. Сондықтан қандай санаттағы болмасын істерді қарау барысында іске қатысушы тұлғалардан судья іс өндірісі тілін меңгеретіні жайлы анықтайды және аудармашының көмегін ұсынады. Сот өндірісін білмейтін тұлғаларға сот құжаттары өздері білетін тілде беріледі.

      Іске қатысушылардың өндіріс тілін білмеумен байланысты құқықтарын шектеу ол тұлғаның өз ана тілін қолдануға мүмкіншілік бермеу сот өндірісінің принциптерінің бұзылуы болып табылады және сот шешімін немесе үкімінің күшін жоюға әкеліп соғады.

    Сондықтан әрбір тұлғаның өзінің тілін қолдануды қамтамасыз етумен халықтың сотқа қол жетімділігін шешу болып табылады. Сотқа қатысушылардың құқығын іске асыруға мүмкіншілік береді.

    Соттарда іс жүргізуді саралау барысында ішкі құжаттарды дайындау, хат алмасу мемлекеттік тілде жүргізілетіндігін көрсетіп отыр.

     Іс қағаздарын дұрыс жүргізу, әр түрлі құжаттарды сауатты толтыру- ел мәдениетінің ғана өлшемі емес, жалпы өркениетті қоғамның жалпы деңгейінің көрсеткіші.

     Ресми іс қағаздар стилі ең көлемді стилінің бірі болып табылады. Оның лексикалық құрамы тек кеңсе сөздері мен дипломатиялық тұрақты сөз тіркестерімен шектелмеді, өйткені қоғамның экономикалық , мәдени және саяси салаларының бәрінде іс жүргізу институттары бар.

         

                                                                                                         Баянауыл аудандық сотының

                                                                          бас маманы С.М.Уалиева

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы