«Медиация тәртібінде татуластыру процедураларын өткізу» тақырыбында Баянауыл аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Жарияланған: 31.01.2017


 Іс шараға жұмысына сот төрағасы Д.С.Салатов, Павлодар облысының үкіметтік емес мекемесінің өкілі С.Макажанов қатысты.

      Сот төрағасы Д.С.Салатов «Дөңгелек үстелдің» жұмысын ашып,  азаматтық іс жүргізудегі даулардың кейбір санаттары бойынша міндеті:

  1. Татуластыру процедураларын қолдану аясын кеңейту.
  2. Даудың медиация тәртібімен шешілуі барысында іске қатысушылардың сот шығындарын азайту болып табылатындығы айтылды.

      Сот төрағасы Д.С.Салатов азаматтық іс жүргізудегі даулардың міндетті медиация өткізу бойынша нақты санаттарына тоқталды:

 1.Баланың мүддесімен байланысты даулар /балалардың тұрғылықты мекен-жайын анықтау туралы, балалармен тілдесу тәртібін анықтау туралы, басқа тұлғалардан баланы алу туралы, кәмілет жасқа толған жалпы орта жүйесінде техникалық және мамандандырылған  орта білімнен кейін күндізгі бөлімде жоғарғы білім жүйесінде оқиты 21 жасқа дейінгі балаларға алимент өндіру туралы /,

2.еңбек даулары;

3.мұра даулары;

4.көршілер арасында жер учаскелерінің шекарасын  анықтау туралы;

  1. мемлекеттік сатып алу келісім-шарты бойынша жасаған қызметі үшін мемлекеттік мекемелерден қарыз өндіру туралы даулар бойынша;

6.неке бұзу және мүлікті бөлу бойынша;

7.денсаулыққа келтірген зиянды өндіру туралы;

8.қарыз алу келісім-шарттары бойынша;

    Үкіметтік емес мекемесінің өкілі С.Макажанов оларға өзекті мәселелермен орта және кіші бизнестегі кәсіпкерлер жүгінетіндігін және өз құзіреті шеңберінде көмек көрсететіндігін айтып өтті. Еңбек даулары және қарыз келісім-шарты даулары бойынша міндетті медиация кәсіпкерлер мәселелерімен жүгінетіндіктен назарға алынатындығын айтты.

    Шараны қорытындылай келе қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісті.

 

                                                                             Баянауыл аудандық сотының

                                                                             Баспасөз қызметі

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы