Әкімшілік іс медиативтік келісім бекітілгендіктен өндірісімен қысқартылды

Жарияланған: 17.05.2017


Баянауыл аудандық сотымен М-қа қатысты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасауы бойынша әкімшілік ісі қаралған.

К. 18 сәуір  2017 жылы 16 сағат 00 минут шамасында өз үйінде  әкесі   М-қа былапыт, балағат сөздер айтып, сыйламаушылық көрсетіп, тыныштықтарын бұзған, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер жасағаны үшін аудандық ІІБ хаттама толтырылған.

         Сот отырысы барысында жәбірленуші М-тан дауды медиавтитік келісімге келгендіктен іс бойынша өндірісті қысқарту  жайлы өтінім түсті.       

          Сот қаулысымен М-қа қатысты әкімшілік іс медиативтік келісімге келуге  байланысты қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

                                                                            Баянауыл аудандық сотының

                                                                            баспасөз қызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы