«Халық үшін Үкімет мемлекеттік корпарациясы Баянуыл бөлімшесі» АҚ семинар - кеңесу өтті

Жарияланған: 15.03.2017


Іс шараға кеңсе меңгерушісі А.М.Омарова, соттың бас маманы Ж.Л.Диманова, бөлімшенің қызметкерлері қатысты.

       Бас маман Ж.Л.Диманова қызметкерлерге «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы құжаттарды жолдау туралы айтты және мысал ретінде мемлекеттік бажды онлайн-төлеуді, іс бойынша қаралу тарихын және сот актісін шығаруды көрсетті.

     Кеңсе меңгерушісі А.М.Омаровамен талап арыздарды рәсімдеуде басты талаптарын атап өтті, өтініш беруде мемлекеттік баждың мөлшерін және сервистің мүмкіншіліктері туралы халықты хабардар етуді, сотта ЭЦҚ беруге қызметкер бөлу жайлы мәселе көтерді. Қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

       Бөлімшенің директоры А.А.Маненовпен жұмыс орынындағы жауапты жұмыскерлер тиісті түрде халыққа кеңес беріп сервиспен жұмыс жасау кезінде техникалық көмек көрсетілетінін атап өтті.

      Сот мамандары ХҚКО қызметкерлеріне ынтымақтастықтары үшін жәрдем көрсеткендері үшін алғыс білдірді.

     Семинарды аяқтай келе ой-пікірлерімен бөлісіп, «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану бойынша ұсыным әзірледі.

     

                                                                           Баянауыл аудандық

                                                                           сотының баспасөз қызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы