Электрондық құжатқа көшу

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңының 32 бабына сейкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі ең бірінші шарасы борышкердің өзіндегі, не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы (оның ішінде банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, мүлкіне тыйым салу.

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңының 58 бабына сейкес борышкердің банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшалай сомаларынан өндіріп алуды сот орындаушысы инкассолық өкім шығару арқылы жүзеге асырады.

АІЖААЖ (атқарушылық іс жүргізу автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) арқылы борышкердің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу, инкассолық өкім қою, келесі кезектермен қосылады:

1. Атқарушылық іс жүргізу арқылы Екінші деңгейдегі банктерден борышкерде шоттар және ақшалай қаражаты туралы мәлімет алу;

2. Атқарушылық іс жүргізу арқылы Екінші деңгейдегі банктерге борышкердің шоттары және ақшалай қаражаттарына электрондық тыйым салу;

3. Атқарушылық іс жүргізу арқылы Екінші деңгейдегі банктерге борышкердің шоттары және ақшалай қаражаттарынан тыйым салуынан электрондық түрде босату;

4. инкассалық өкім қою;

5. инкассалық өкімді автоматты түрде қайтару;

6. инкассалық өкімді қағаз түрінде қайтару.

Ж. Дюсенаева,

«Сот актілерін орындау жөніндегі

Баянауыл ауданының аумақтық

бөлімі» филиалының

басшысы-аға сот орындаушысы

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық

филиалының мүшесі.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы