Баянауыл аудандық сотының сот приставы М.Діншенің жүргізуімен «Сот ғимаратында азаматтардың кіріп шығуын реттеу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар сабақ өтті

Жарияланған: 06.06.2017


Шараға сот төрағасы Д.С.Салатов және сот мамандары қатысты.

          Семинарда аталған тақырып бойынша сот приставы М.Дінше баяндама жасап, мамандарға сот ғимаратына кіріп-шығу кезінде ереже талаптарын қатаң сақтау тиіс екенін, сонымен қатар, ережеде бірінші кезекте судьялардың, қызметкерлер және сотқа  келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделгені жөнінде айтып өтті.                                      

           Семинарға қатысушыларға сот ғимаратына және аумағына алып кіруге тыйым салынған заттарға, атап айтқанда, ұялы телефондарынан басқа мобильдік құрылғыларды (интернет модуліне қосылған ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер және т.б.) алып кіруге қатаң тыйым салынатыны жөнінде айтты.   

          Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне қарсы тұрып, істің шешілуіне мүдделі тұлғалардың қасақана арандатқыштық әрекеттеріне қатысты қырағылық көрсетуді, іске қатысушы тұлғалармен, прокурорлармен, адвокаттармен және басқа іске мүдделілік танытқан тұлғалармен іс жүргізуден тыс кез келген қарым-қатынастарына қатаң түрде тыйым салынғанын, бұндай фактілер анықталған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілетіні жайлы айтып өтті.

          Қатысушылар талқылау барысында туындаған сұрақтарына жауаптар алып, өзара пікір алмасты.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы