Баянауыл аудандық сотында «Жекеше айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Жарияланған: 20.06.2017


Аталған іс-шараға аудандық соттың төрағасы Д.С.Салатов, аудандық прокуратураның прокуроры Р.М.Рахманбергенов қатысты.

          Іс шара барысында сот төрағасы Д.С.Салатов жекеше айыптау істері бойынша іс жүргізудің проблемалық тұстарын статистикалық мәліметтер келтіре отырып жақ-жақты түсіндірді және жекеше айыптау іс материалдарын сотқа жолдау тәртібі және оның теориялық, практикалық мәселелеріне жеке тоқталып, ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен жекеше айыптау істері бойынша материалдарды сотқа жолдау барысындағы орын алған кемшіліктер жөнінде атап өтті.

 

                                                                           Баянауыл аудандық

                                                                           сотының баспасөз қызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы