Баянауыл аудандық сотында соттың мамандарымен ҚР АПК өзгерістер енгізілуі бойынша семинар-кеңесу өтті

Жарияланған: 15.03.2017


Іс-шараға сот төрағасы Д.С.Салатов және сот мамандары қатысты.

    Өз сөзінде кеңсе меңгерушісі А.М.Омарова Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VІ ҚР Заңын оқыды.

     ҚР АПК 165 бабына сәйкес, судья талап арызды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жауапкерге және үшінші тұлғаларға талап арыздың және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін жібереді не ұсынады, сондай-ақ дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса тіркеп, талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді белгіленген мерзімде ұсынуды жауапкерге міндеттейді; 166 бабына сәйкес, жауапкер талап қоюға қатысты дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, талап қою арызына пікірді сотқа ұсынады. Судья үш жұмыс күні ішінде пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да адамдарға жібереді не ұсынатындығын атап өтті.

        Сот төрағасы Д.С.Салатовпен аталған өзерістерді ұстану жайлы және өзгерістер жайлы сотқа келушілер үшін ақпарат жасау туралы нұсқаулық берілді.

     

 

                                                                           Баянауыл аудандық

                                                                           сотының баспасөз қызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы