Баянауыл аудандық сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Жарияланған: 06.06.2017


Дөңгелек үстелге  аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.М.Омарова, аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Ж.А.Дюсенаева қатысты.

              Кеңсе меңгерушісі А.М.Омарова өзінің баяндамасында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша орындауға жіберілген сот актілерінің саны, уақытылы орындалуы туралы деректерді сотқа жіберу жөніндегі мәліметтерді келтірді. 

              Сонымен қатар, орындауға жіберілген сот актілері бойынша салыстыру жүргізуге және орындалуы жөніндегі деректерді беру қажет екендігіне сот орындаушылардың назарын аударып, сот актілерінің орындалуы, қоғаммен соттардың қызметін бағалау критерийлерінің бірі болып табылатынына тоқталып өтті.

            Іс-шара барысында, мемлекеттік бажды, айыппұлдарды, сот шығындарын өндіру, мемлекеттің кірісіне мүлікті тәркілеу бөлігінде сот актілерін орындау кезінде туындайтын күрделі мәселелер талқыланды.

            Шара соңында, сот орындаушыларға тұрғындармен сот актілерін орындау жұмысын жандандырып, тиісті түсіндіру  шараларын қолдану қажеттілігі тапсырылды.

 

                                                                             Баянауыл аудандық

                                                                           сотының баспасөз қызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы