Баянауыл аудандық сотында «Оңайлатылған іс жүргізу тәртібі» тақырыбына судьялардың қатысуымен семинар өткізілді

Жарияланған: 06.03.2017


Аталған шара кезінде сот төрағасы Д.С.Салатов ҚР-ның АПК  қабылдаудың басты мақсаты, сот төрелігін сотқа жүгінген уақыттан бастап істің шешілуіне дейінгі аралықтағы уақыт шығынын азайту, сондай-ақ бұзылған құқықты барынша тиімді қалпына келтіру болғаны туралы атап өтті.

        Қазақстан Республикасының Президенті 100 нақты қадамды белгілеп, соның бірі бес қадамдық сот жүйесінен үш қадамдық сот жүйесіне өту екендігін айта кетті. Бұл орайда Президент айтқандай, бұл шара істерді қарау процесін жеңілдетеді, тиімділікті ұлғайтады, қарапайым адамдарға барлық шешімдерді түсініктірек етеді, ал жаңа АПК еліміздің құқықтық аясын жақсартады. Азаматтық істі барынша тез шешу үшін жаңа АПК прокурордың сот отырысына қатысуын қысқарту көзделген.

       Істі сотта қарау мен шешу процедурасы іске қатысушы тұлғалардың мүдделерін қамтамасыз етуі керек. Өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінген тұлға, өз құқықтарының қорғалуына қол жетімді нысанда және негізсіз созбалаушылықтарсыз қол жеткізуі тиіс. Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылуы қажет.

      Семинар сабағының аяғында құқық қолдану тәжірибесінде орын алатын мәселелер талқыланды.

 

                                                                                    Баянауыл аудандық

                                                                                   сотының баспасөз кызметі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы