Баянауыл аудандық сотында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті

Жарияланған: 26.04.2017


Аталған шара сот төрағасы Д.С.Салатовтың төрегілімен және құқық қорғау органдарын өкілдерінің қатысуымен өтті.

      Шараны ашып,  мемлекеттік тіл жалпыұлттық және рухани бірліктің басты факторы болып табылатынын және оны меңгеру әрбір Қазақстан азаматының парызы мен міндеті саналып, жеке өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын ынталандырушы тетік болуға тиістігін атап өтті.

       «Қазақ тілі – барлық қазақстандықтарды біріктірудің маңызды факторы және оның даму мәселесі  Республиканың билік өкілдеріне ғана емес, сонымен қатар қызмет түріне қарамастан, еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды. Алайда, осы тақырып тілдің меңгерілуі олар үшін кәсіби мүдде және міндеттер аясы болып табылатындарға одан да зор өзекті екені анық» - деп бас маман Ж.Л.Диманова өзінің баяндамасында атап өтіп, қазіргі таңда соттағы іс-жүргізу мемлекеттік тілде жүргізілетіндігін көрсетті.

         Бұнымен қоса кездесу барсысында құқық қоғау органдары және сот арасында хат-алмасу сапасын көтеру бойынша мәселелі сұрақтар талқыланды.

 

                                                                                   Баянауыл аудандық

                                                                                   сотының баспасөз қызметі

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы