Баянауыл аудандық сотында «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жарияланған: 24.05.2017


Іс шараға «Ел Экология» үкіметтік емес ұйымның өкілі К.Ш.Шакиров қатысты.

           Дөңгелек үстелді сот төрағасы Д.С.Салатов ашып, Ұлттың ұлт екенін танытатын оның тілі, ол ұлттың нәр беретін тамыры. Сол арқылы біз Қазақстан деп аталатын ұлы мемлекеттің ұрпағы екенімізді танытамыз. Кез- келген ұлт өз тілімен танылады, ерекшеленеді, еңсесін тіктейді. Ана тілін ардақтаған жан - халқының ұлттық құндылықтарын зерделеген үлкен жүрек иесі. Өз тілін қастерлеген жанның өз елінің болашағына да үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Осы ұстанымды назарға алған сот ұжымы мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту үшін кешенді шаралар жүргізіліп келеді, - деп атап көрсетті.

            Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, мемлеттік тілді меңгеру  қазіргі заман үрдісіне айналуы тиіс екендігі туралы ой түйіп, оны іске асыру үшін жан-жақты жұмыс жасау қажеттігіне тоқталды.

                                                                           Баянауыл аудандық

                                                                           сотының баспасөз қызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы