Баянауыл аудандық сотында кәсіпқой емес медиатормен кездесу өтті.

Жарияланған: 26.04.2017


Шара ҚР «Медиация туралы» Заңын қолдануда медиаторларға методикалық және практикалық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Шараға кәсіпқой емес медиатор С.Б.Джанкулов  қатысты.                     

           Сот  төрағасы Д.С.Салатов  құқықтық дауларды реттеуде медиация институтын дамыту қажеттігін түсіндірді. Дауласушы тараптар медиатордың тәжірибесі мен біліктілігіне сүйене отырып, өзбеттерімен келісімге келетіндігі аталды.  Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласу деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу. Сот төрағасы Баянауыл  аудандық сотында қаралып, медиация тәртібімен аяқталған істер бойынша қысқаша тоқталып, кейбір ірі даулардың реттеу тәртібі мен тәсілдерінен мысал келтірді. Кәсіпқой емес медиатор  ұйымдастырылған кездесуден жақсы әсер алғандығын білдіріп, сот төрағасына  алғыс айтып, аталған міндеттерді орындап, медиация институтының дамуына септігін тигізетіндігіне сендірді.

 

                                                                                   Баянауыл аудандық

                                                                                   сотының баспасөз қызметі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы