Баянауыл аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақтау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Жарияланған: 24.05.2017


Аталған шараға сот төрағасы, аудандық аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.

         Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен құжаттарды дұрыс және толық рәсімдеу мәселелерін талқылау, орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау.

        Шара  барысында сот төрағасы Д.С.Салатов әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің заңда көзделген мерзімде әрі сапалы және дұрыс қаралуы жасақталған хаттаманың сапасына тікелей байланысты екенін, алайда, кейбір әкімшілік істер бойынша хаттамалардың дұрыс жасақталмайтыны, істердің дұрыс ресімделмейтін фактілері кездесіп жататынына назар аударды.
       Сонымен қатар, әкімшілік істер бойынша хаттама жасақталуда  жол берілетін кемшіліктерге, соның ішінде, әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның жеке жөнінде мәліметтер толық көрсетілмегендігі, әкімшілік құқық бұзушылықтың мәні нақты сипатталмағаны жөнінде айтып өтті.

       «Дөңгелек үстелге» қатысушылар осы іс-шараның өзектілігін, сондай-ақ осы кездесу әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасақталғанда және әкімшілік істерді сотқа жолдағанда туындайтын көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

 

                                                                           Баянауыл аудандық

                                                                           сотының баспасөз қызметі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы