Баянауыл аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құрастыру сапасы мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

Жарияланған: 06.03.2017


Дөңгелек үстелге судья С.Х.Даньярова,  ішкі істер бөлімі қызметкерлері қатысты.

         Қатысушылар дөңгелек үстелд» әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құрастыру сапасын, әкімшілік істерді сотқа жолдау тәртібін және құқық бұзушылардан түскен өтінішхаттардың қаралуы жөнінде мәселелерін талқылады. Талқылаудың нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына кейбір сұрақтары жөнінде ұсынымдар әзірленді, атап айтқанда,    670-бабы бойынша  «Сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге де заңды талабын орындамау» және 669-бабы бойынша  «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау».

        Төраға Д.С.Салатовпен қатысушылардың назарын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерін қарауға уақылы жіберуге аударды және қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

        Дөңгелек үстелді аяқтай келе қатысушылар пікірлерімен бөлісті.

 

 

                                                                                    Баянауыл аудандық

 сотының баспасөз қызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы