Баянауыл аудандық сотында «Істерді қарауда прокурорлардың қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілген

Жарияланған: 24.11.2017


Іс шараға  сот төрағасы Д.С.Салатов, Баянауыл ауданының прокуроры  Р.И.Рахматулла, Баянауыл ауданының ІІБ бастығының м.а. Ж.Т.Шакиров қатысты.

      Сот төрағасы Д.С.Салатов азаматтық іс жүргізуде прокурордың қатысуымен 2017 жылдың 9 айына сатистикалық мәліметтерді жариялап,  прокурордың міндетті түрде қаысу категорияларын атап өтті. Азаматтық істерді қарауда прокурордың қатысуының төмендеуін де атап өтті.

      Аудан прокуроры Р.И.Рахматулла өз сөзінде ҚР Бас прокуратурасының  азаматтық іс жүргізуде прокурорлардың қатысуы бойынша хатын оқыды.

Прокурорлардың азаматтық процесске қатысуының негіздерін атады. Азаматтық істер бойынша прокурорлардың қатысуының төмендеуін жоспары жайлы айтып өтті.

       Дөңгелек үстелді аяқтай келе қатысушылар пікір алмасты.

 

 

                                                                        Баянауыл аудандық сотының

                                                                        Баспасөз қызметі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы