Баянауыл аудандық сотында іс жүргізу бойынша судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағы өткізілді

Жарияланған: 20.06.2017


Семинардың басты  мақсаты сот қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етуде кемшіліктерді болдырмау.

          Семинар барысында кеңсе меңгеруші А.М.Омарова сот өндірісіндегі істер бойынша  статистикалық есепке  енгізілуге жататын деректердің толық болуы және  істер санатын заң талабына сай  анықтауды,  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін түсіндірді.

«Төрелік» жүйесі ақпараттық мәліметтерді жедел алмасуды қамтамасыз етіп,  автоматтандырылған есепке алу, процессуалдық мерзімдердің сақталуын бақылау, статистикалық және талдау есептерін құру, іс жүргізу мен сот ісін жүргізуді жеңілдетуді іске асыратынын атап өтті.

Іс шараға қатысушылар сот отырыстарын дыбыс-бейне жазуы арқылы жүргізу  жүйесінің енгізілуі сот төрелігін жүзеге асыруды біраз жеңілдететіндігін және іс-жүргізуді автоматтандыруға және оңтайландыруға мүмкіндік туғызатындығын атап өтті.

          Семинар барысында кеңсе меңгерушісі қатысушыларға сот отырыстарын дыбыс-бейне жүйесі арқылы жазу  міндетті  екендігін ескертіп, сот отырыстарын уақытында бастау  керектігін айтып өтті.

 

                                                                           Баянауыл аудандық

                                                                           сотының баспасөз қызметі

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы