Баянауыл аудандық сотында гендерлік саясат және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың басты бағыттары талқыланды

Жарияланған: 26.04.2017


Гендерлік теңдік қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі және қазіргі заманда маңызды әлеуметтік проблемаларға жатады. Гендерлік саясат мемлекеттік  және қоғамдық қызмет болып табылады.

       Баянауыл аудандық сотында сот төрағасы Д.С.Салатов төрелігімен  «Гендерлік саясат, тұрмыстық зорлық зомбылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

        Аталған шараға  қорғаушы  Е.К.Адамов  және сот мамандары қатысты.

        Сот төрағасы Д.С.Салатов ұлт жоспарының бір мақсаты – кешенді гендерлік тәсілдің қағидасын сақтауға бағытталған мемлекеттік қызметті реформалау екенін жеткізді.

         Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат Тұжырымдамасының "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Стратегиясына сәйкес еліміз Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада көрініс тапқан жеделдетіп жаңғырту мен индустрияландыруға бағыт алғанын жеткізді.

         Кездесу барысында кеңсе меңгерушісі А.М.Омарова баяндама жасап, реформаның тірегі ретінде саналатын ҚР 2006-2016 жж гендерлік теңдік стратегиясының мақсат мен міндеттердің орындалуы, мемлекет, қоғам, азаматтар арасында үздіксіз орындалған кешенді шараларға тоқталды.

         «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» ҚР Заңы тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің  тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы қысымды болдырмауға ықпал етенінін жеткізді.

         Қорғаушы Е.К.Адамов ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңы  неке-отбасы қатынастарын реттейтінін, негізгі мақсаты – отбасы мүшелерінің тең құқықтарын сақтау,  отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететінін атады.

          Іс-шара барысында гендерлік саясаттың басты бағыттары, атап айтқанда отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау мәселелері талқыланды.                  

          Сонымен қатар, гендерлік саясатты дамыту, әйелдер құқықтары және кемсітушілікке қарсы тұру бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

 

                                                                                   Баянауыл аудандық

                                                                                   сотының баспасөз қызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы