Баянауыл аудандық сотында Баянауыл аудандық ІІБ тергеушілерімен семинар өтті

Жарияланған: 14.03.2017


Сот төрағасы Д.С.Салатов Қазақстан Республикасы Қылмыстық процесстік Кодексінің талаптарын түсіндірді, яғни мүлікке тыйым салу тәртібі, мүлікке тыйым салуды санкциялау тәртібі, қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар және мүлікті тәркілеу туралы.

     Қатысушылардың назары қылмыстық істің ауырлығын істің мән-жайларын жеткілікті зерделеу үшін тергеу амалдарының көлемін ескере отырып,  істердің ауырлығын есепке алуға аударылды.

      Судья С.Х.Даньярова  ҚР ҚПК 300 бабына сәйкес, күдікті күзетілуде болған жағдайда, қылмыстық істің материалдарына оның жеке басын куәландыратын құжат қоса беріледі. Қалған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәландырған көшірме қоса тігілетіндігі, ал күдіктінің жеке басын куәландыратын құжаты болмаған жағдайда ҚР ҚПК 203 бабының 5 бөліміне сәйкес, күдіктінің, айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаты болмаған не жоғалған, оны жоғалтқан жағдайда, оны құжаттауды уәкілетті орган сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша белгіленген тәртіппен жүргізетіндігі жайлы атап өтті.

    Тергеу амалдарын жүргізу уақытында сапалы бейне дыбыс жазбаны немесе басқа ғылыми-техникалық құралдарды қолдану ұсынылды.

         Кездесу соңында судьялар полиция қызметкерлердің күрделі сұрақтарына жауап берді. 

 

                                                                                   Баянауыл аудандық

                                                                                   сотының баспасөз кызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы