Баянауыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер және толықтырулар енгізуді құқық жүйесін айқындау мақсатында талқылау өтті

Жарияланған: 26.09.2017


Баянауыл аудандық сотында судьялардың және Баянауыл ауданының прокуратура қызметкерлерінің, Баянауыл аудандық ІІБ қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер және толықтырулар енгізуді талқылау бойынша» дөңгелек үстел өткізілді.

          Дөңгелек үстелді ашып, соттың төрағасының м.а. С.Х.Даньярова қатысушылардың назарын осы іс-шараны өткізудің мақсаты қатысушыларды өзгертулер мен толықтырулармен таныстыру болып табылатынын және сол ҚР кейбір құқықтық актілеріне енгізілген толықтырулар мен өзгертулер жайлы атап өтті. ҚР ҚК, ҚР ҚПК, ҚР ҚАК, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне енгізілген өзгертулер енгізілгенін тоқталды.

         Өз кезегінде Баянауыл ауданының ІІБ бастығы А.А.Данияров Қазақстан  Республикасының 06 қаңтар 2011 жылғы «Құқық қорғау қызметі» Заңына, 23 сәуір 2014 жылғы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жайлы»  Заңына  енгізілген өзгертулер жайлы атап өтті.

          Дөңгелек үстелді аяқтай келе қатысушылар пікір алмасты және осы тақырыпқа байланысты өзекті мәселелері талқыланды.

         

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы