Баянауыл аудандық сотында азаматтар арасында сот жаңашылдықтары –«Сот кабинеті»

Жарияланған: 31.05.2017


Баянауыл аудандық сотында азаматтар арасында сот жаңашылдықтары –«Сот кабинеті» сервисін көпшілікке тарату мақсатындасот төрағасы Д.С.Салатов «Халық Банкі» АҚ  Баянауыл Басқармасының бастығы Б.К.Кабиевпен «Сот кабинеті» тақырыбында семинар өткізді.

       Сот төрағасы Д.С.Салатов сот жүйесінің қызметіне заманауй ақпараттық технологияларды енгізу халықтың кең ауқымды сот ақпаратына қол жетімділігін ұйымдастыру  басты іс-шарасы болып табылады.

     Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен 2014 жылдың маусым айында «Сот кабинеті» сервисі енгізілген болатын және ол қолданушыларға үйлерінен немесе кеңселерінен шықпай ақ сотқа өтініш, талап арыз, шағым, жүгіну қарама-қарсы талап арыз беруге мүмкіндік берілгенін атады. 

   «Сот кабинеті» сервисімен қолданушыларға сот бұйрығының күшін жою туралы, сырттай шешімнің күшін жою туралы өтініш беруге мүмкіншілік жасалған.

     «Хаттарды сот органдарына» жолдау туралы сервисті енгізу жайлы атап өтті. Хаттарды сот органдарына хатты жеткізу кепілдігімен және заңмен бекітілген мерзімде жауап алу кепілдігі көзделгенін атады.

     «Сот кабинеті» сервисінде сотқа жолдайтын  электрондық бланкілер –электронды құжаттар үлгілері салынған ол қолданушылардың уақытша шығындарын үнемдеуге және материалдық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

       Интеграция сот төрелігіне қол жетімділікті ғана қысқартып қана қоймай, барлық мемлекеттік органдардың және сот органдарының қызметін оңтайландырады, қағаз құжат айналымының, әуре-сарсаңға салудың  уақытша және материалдық шығындардың алдын алады.

       Семинар қатысушыларына «Сот кабинеті» сервисімен қолдану нұсқаулығы көрсетілді.

      Семинарды аяқтай келе қатысушылар соттар арасында және басқа мекемелермен электорндық қызмет көрсету әрі қарай жалғасатындығы айтылды.

 

                                                                             Баянауыл аудандық

                                                                           сотының баспасөз қызметі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы