Баянауыл аудандық сотында «Ақ қайың» үкіметтік емес ұйым өкілі Б.Солдаттың қатысуымен «Дауларды сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Жарияланған: 24.05.2017


Өз баяндамасында сот төрағасы Д.С.Салатов, 2011 жылдың 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Аудандық сот тарапынан пилоттық жоба шеңберінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті. С.Сағатов жобаның негізгі ережелерін, оның мақсаты мен міндеттерін, сонымен бірге медиация тәртібімен дауларды реттеудің артықшылықтарын түсіндіріп, медиация тәртібімен міндетті шешуге жататын істердің санаттарына тоқталып өтті.

        Дөңгелек үстел барысында іс-шараға қатысушылар аталған тақырып төңірегінде сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.

       Іс-шараны аяқтай келе қатысушылар өзара пікір алмасты.

 

 

                                                                           Баянауыл аудандық

                                                                           сотының баспасөз қызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы