Баянауыл аудандық сотында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бағдарламасын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді

Жарияланған: 15.03.2017


Аталған шараға   судьялар, Баянауыл ауданының үкіметтік емес ұйымы «Ел экология» өкілі қатысты.

     Семинарды сот төрағасы Д.С.Салатов ашып, заң үстемдігін және соттың ашықтығы мен жариялылығын одан әрі қамтамасыз етуге қатысты Ұлт жоспарының тармақтарына жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, «осы қадамдардың қатарында екінші бағыт ретінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында салаға 19 мақсатты қадам енгізілген болса, оның 16-26 қадамдары республикамыздағы сот жүйесін реформалауға қатысты мәселелерді қамтыған» Ұлт жоспарының іске асу қағидаларын айтып өтті. Және  «100 нақты қадамның 17 қадамы судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту туралы» жаңа заң талаптарымен таныстырды.

       Шара соңында қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

 

                                                                        Баянауыл аудандық сотының

                                                                        Баспасөз қызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы