Баянауыл аудандық соты «Сот үкімін және қаулыларын орындау, орындау тәртібі». Үкімдерді орындау барысында туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында семинар сабағы өтті

Жарияланған: 14.03.2017


Шарада  бас маман С.М.Уалиева «Сот үкімін және қаулыларын орындау, орындау тәртібі». Үкімдерді орындау барысында туындайтын өзекті мәселелер»  тақырыбында сөз сөйледі.

        Өз сөзінде маман бірінші сатыдағы сот үкімдері апелляциялық шағым немесе наразылық келтіруге берілген мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне еніп орындалуға жататындығын айтты.

        Сот үкімі бірінші сатыдағы сотпен үкім заңды күшіне енгеннен немесе жоғары тұрған соттан қайтып келгеннен кейін 3 тәуліктің ішінде орындалуға жіберіледі.

       Семинарға қатысушылармен үкімді орындау барысында және «Төрелік» базасы арқылы электронды атқару парақтарын жолдау барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.  

 

 

                                                                                   Баянауыл аудандық

                                                                                   сотының баспасөз кызметі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы