Баянауыл аудандық соты «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Жарияланған: 26.04.2017


«Дөңгелек үстел» жұмысына судьялар, ҮЕҰ «Баянауыл ауданының соғыс ардагерлері одағы»  өкілі Б.Камашев қатысты.

         Сот төрағасы Д.С.Салатов  өз сөзінде Пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа  дейін реттеуді  азаматтық сот ісін жүргізу болып табылатынын атап айтты. Жоба  баланың  мүдделеріне, еңбек, мұрагерлік, көршілерінің  арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерді су басқандығы  туралы, некені  бұзу  және мүлікті  бөлу, қарыз келісім шарттары сақтандыру және т.б.  даулардың санаттары бойынша міндетті медиация жүргізуді қарастырады.

         Д.С.Салатов  тараптардың келісімі  бойынша медиацияны сотта судья,  не татуластыру келісімдерін  жүзеге асыратын медиатор жүргізетінін, сонымен  қатар, ҚР «Медиация  туралы» Заңына  сәйкес, еріктілік, медиация тараптарының  тең  құқығы туралы қағидаттар негізінде  жүргізілетінін атап  өтті.

 

 

                                                                                   Баянауыл аудандық

                                                                                   сотының баспасөз қызметі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы