Алимент төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жарияланған: 14.03.2017


Баянауыл аудандық сотымен А-қа қатысты  сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамауы бойынша әкімшілік ісі қаралған.

Сотпен жеке сот орындаушыда Павлодар облысының ауданаралық арнайы кәмілет жасқа толмағандардың істері бойынша сотының 02.12.2014 жылғы сот бұйрығына сәйкес, А-тан, А-ның пайдасына ¼ бөлігінде еңбекақысының немесе басқа да табыс көзінен кәмілет жасқа толғанша алимент өндірілген. А. атқарушылық құжат бойынша орындаудан жалтаруда, 22.09.2014 жылдан бастап 01.02.2017 жылға дейінгі аралықта қарыз 923933 тенгені құраған.

Сот отырысында әкімшілік жауапкершілікке тартылушы А. әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындаған.

Сот қаулысымен С. ҚР ӘҚБтК 669 бабымен көзделген  құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік өндіру түрі 3 тәулікке тұтқындауға алынған. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

                                                                            Баянауыл аудандық сотының

                                                                            баспасөз қызметі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы