Баянауыл аудандық почта байланыс торабы ПОФ «Казпочта» АҚ

Жарияланған: 07.07.2016


Баянауыл аудандық почта байланыс торабы «Казпочта» АҚ Павлодар облыстық филиалының құрылымы және Павлодар облыстық филиалының жүйесіне кіреді.

Баянауыл аудандық почта байланыс торабы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан республикасының «Байланыс туралы» және «Почта туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтик – құқықтық актілерін, «Қазпочта» АҚ ішкі құжаттарын, оның ішінде «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасының бұйрықтарын, өкімдерін және  Баянауыл аудандық почта байланыс торабының Ережесін басшылыққа алады.

АПБТ мекен жайы: 140300, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сатпаев к. 55.

Баянауыл аудандық почта байланыс торабының аумағында 1 аудандық почта байланыс торабы, 12 почталық байланыс бөлімшелері және 2 почталық байланыс пункті халыққа қызмет көрсетеді.

 Баянауыл почта байланыс торабының бастығы – Мусин Тлеуғали Мазанұлы. 
1.jpgМусин Тлеуғали Мазанұлы – Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылында 1952 жылы 10 қазанда дүниеге келді.
1979 жылы Семей зоотехникалық – малдәрігерлік институн зооинженер мамандығымен бітірген.
1978 – 1980 жылдары аудандық ауыл шаруашылығында техникалық қауіпсіздігінің инспекторының қызметін атқарды.
1980 – 1984 жылдары Баянауыл аудандық халықтық бақылау комитетінде инспектор қызметін атқарды.
1984 – 1986 жылдары «Южный селолық советінің халық депутаттары» исполкомның төрағасы болып сайланды.
1986 – 1989 жылдары «Южный» совхозының исполкомның төрағасы болып бекітілді
1989 – 1992 жылдары аудандық исполкомның төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
1992 – 1997 жылдары «Экибастұзкөмір» жөндеу және құрылыс басқармасында әлеуметтік таныту объектісінің бастығының оынбасары қызметін атқарды.
1998 – 2000 жылдары Баянауыл селолық округінің әкімі қызметін атқарды.
2000 – 2002 жылдары Баянауыл аудан әкімінің орынбасары қызметіне аударылды
2002 жылдан осы уақытқа дейін Баянауыл АПБТ бастығы.

Баянауыл аудандық почта байланыс торабы келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) Почта байланыс қызметі:

  • Жалпы қолжетерлік почта байланыс қызметі;
  • Тіркелетін почта жөнелтімдерін жіберу жөнінде қызмет;
  • Жеделдетілген және курьерлік почта қызметі;
  • Почталық ақша аударымдары, халықаралық аударым «Western union»;
  • Жазылым бойынша баспа басылымдарын тарату;
  • ЕМS жөнелтімдерін, арнайы байланыс;
  • Филателия өнімдерін сату;
  • Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес басқа да почта қызметтері.

2) Қаржылық қызметтері және қаржы қызметтері:

  • Бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті органмен белгіленген тәртіпке брокерлік, дилерлік және трансфер агенттік қызмет, «Альянс банк» АҚ, «Хоум несие Қазақстан» несиелерін беру.
  • Мемлекеттік бюджеттен және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік жәрдемақыларды жеткізу жөніндегі қызмет;
  • Депозиттер қабылдау, жеке және заңды тұлғаларға банк шоттарын ашу және жүргізу;
  • Касса операциялары;
  • Аударым операциялары;
  • Банкнот, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және жіберу;
  • Лоторей жүргізу;
  • «Казақтелеком» АҚ хабарламасын жеткізу
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да қызмет түрлері.
2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы